Сәуірдің 16-сына арналған ауа райы болжамы

Сәуірдің 16-сына арналған ауа райы болжамы
Сурет: Almaty-akshamy.kz

«Қазгидромет» РМК-сы сәуірдің 16-сы күгі күн райы болжамын жариялады.

Кәсіпорынның деректеріне қарағанда, атмосфералық фронталды бөліктер Қазақстан территориясында жаңбырлы және желді ауа райын сақталады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Осы күні еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында қатты жаңбыр жауып, еліміздің солтүстігінде түнде жауын-шашын (көбінесе жаңбыр) болады. ҚР бойынша найзағай ойнап, тұман түседі, жел күшейіп, оңтүстікте дауыл тұрады.