6 сәуірге арналған ауа райы болжамы

6 сәуірге арналған ауа райы болжамы
Сурет: Ашық дереккөз

Жаңбыр жауады

Синоптиктер 2023 жылдың 6 сәуіріне арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

"Қазгидромет" РМК ақпаратына сүйенсек, еліміздің басым бөлігі антициклонның ықпалында болып, жауын-шашынсыз ауа райы қалыптасады. 

Синоптиктердің болжамынша, тек еліміздің оңтүстігінде атмосфералық  фронтальды бөліктердің  өтуіне байланысты жаңбыр жауады, таулы аймақтарда найзағай ойнап, жауын сіркірейді. 

Түнде және таңертең Түркістан облысының таулы аудандарында да қатты жаңбыр жауады. Алматы облысының таулы аудандарында, Жетісу облысының солтүстігінде, орталығында және таулы аудандарында- 2-4°С аяз болады.

Астанада күн ашық, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде: 0°С, күндіз: +18+20°С.

Алматыда көшпелі бұлт жүреді, кешке қарай аздаған жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні 3-8 м/с, күндіз 13 м/с құрайды. Ауа температурасы түнде: +5 + 7°С, күндіз: + 17 + 19°С.

Шымкентте - көшпелі бұлт жүреді, арасында аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 8-13 м/с, найзағай кезінде 15-20 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде: + 6 + 8°С, күндіз: + 15 + 17°С.