23 шілдеде Айгүл Шамшиденованың жеке концерті өтеді

23 шілдеде Айгүл Шамшиденованың жеке концерті өтеді
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Әнші жеке концертінде классикалық музыканың жауһарларын орындайды.   

23 шілдеде сағат 19.00-де  Almaty Theatre сахнасында  әйгілі опера әншісі Айгүл Шамшиденованың концерті өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Концерт барысында әндер арфа,  фортепиано және оркестрдің сүйемелдеуімен орындалады. Айгүл Шамшиденова беделді Вена филармониясының солисті, әйгілі Вена консерваториясының және Мариин театрының опера әншілері білім алған  академияның түлегі. Көптеген халықаралық байқаудың лауреаты әрі Гран-При иегері, сондай-ақ Голливудта өткен Бүкіләлемдік орындаушылық өнер чемпионатында төрт алтын медаль иегері. Айгүл  Надия Шәріпова, Елена Образцова және Юлия Хоменко сияқты танымал ұстаздардан сабақ алды.  Ол Монако ханшайымы мен Лондондағы ханшайым Ольга Романоваға арнап өнер көрсетті. Айгүл өз Отанын, Қазақстанды Дүниежүзілік сахналарда мақтанышпен таныстырып жүр және Сыртқы істер министрлігінің қолдауымен маңызды дипломатиялық іс-шараларда Қазақстан Республикасының Әнұранын орындайды. 

Өтетін орны: Алматы қ., Әл-Фараби даңғылы, 30, Almaty theatre

Күні: 23 шілде 2023 жыл

Басталуы: 19: 00

Ұзақтығы: 120 минут

Жас шектеуі: 3+