21 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

21 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
Сурет: Ашық дереккөз

Алматыда көшпелі бұлт шығады.

Синоптиктер Қазақстанда 2022 жылдың 21 желтоқсанына арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша, Жерорта теңізі циклонының терең депрессиясымен және атмосфералық фронтальды учаскелердің өтуімен еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын сақталады, негізінен қар, көктайғақ, қарлы боран түрінде болады.

Сондай-ақ жел мен тұман күтіледі.

Астанада көшпелі бұлт шығады, кей жерлерде қар жауады, бұрқасын соғады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде -10...-12°С, күндіз -7...-9°С.

Алматыда да көшпелі бұлт шығады, күннің соңында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Солтүстік-батыстан 2-7 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде -4...-6°С, күндіз +2...+4°С.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, таңертең және күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, бұрқасын болады. Батыстан, солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 8-13 м/с, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде және күндіз -1...+1°С.