Қазақстан биыл 8 млн тонна астықты экспорттауға ниетті

Қазақстан биыл 8 млн тонна астықты экспорттауға ниетті
Сурет:Gov.kz

Ауыл шаруашылығы министрлігінің басшысы Сапархан Омаров келесі маркетингтік жылға арналған жоспарлар туралы айтты.

«Биыл біз 8 млн тонна астық экспорттауды жоспарлап отырмыз, келесі жылы дәл осындай деңгейде болады деп ойлаймын», — деді министр журналистің келесі маркетингтік жылға астық эквивалентіндегі астық пен ұнды экспорттау жоспарлары туралы сұрағына жауап бере отырып.

Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаровтың айтуынша, Қазақстан 2021-2022 маркетингтік жылы ағымдағы ауыл шаруашылығы жылындағыдай 8 млн тонна деңгейінде астық эквивалентінде астық пен ұнды экспорттауға ниетті, деп хабарлады Almaty-akshamy.kz Интерфакс-Қазақстанның хабарына сілтемелеп.

Сапархан Омаров АШМ-нің 2020 жылғы егіс науқанын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі жұмысы туралы айтып берді, ол уақыт бойынша елде төтенше жағдайдың енгізілуімен және СOVID-19 салдарынан ең қатаң шектеулермен тұспа-тұс келді.

«Көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге 70 млрд теңге көлемінде бюджеттік несие бөлінді және Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша фермерлерге көмек ретінде 24,5 млрд теңгеге дәнді және майлы дақылдарды кепілді форвардтық сатып алу тетігі іске асырылды», — деп министрдің сөзін келтірді ведомствоның баспасөз қызметі. Нәтижесінде 20 млн тоннадан астам дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар бастырылды.

Бұл ретте жоғары сапалы бидайдың (1-3-сыныптар) үлесі 80%-ға дейін ұлғайды, ал 2019 жылы бұл көрсеткіш 50%-ды құрады.

2019 жылы таза салмақтағы астық түсімі 17,4 млн тоннаны құрады.