Алматыда шахматтан әлем чемпионаты өтеді

Алматыда шахматтан әлем чемпионаты өтеді
Сурет: Ашық дереккөз

Оған 50 мемлекеттен 300-ге жуық шахматшы келеді

Алматыда шахматтың рапид және блиц түрлерінен 2022 жылғы әлем чемпионаты өтеді. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Әкімдік таратқан мәліметке сәйкес, жарыс 25-30 желтоқсан аралығында Балуан Шолақ атындағы спорт және мәдениет сарайында өтеді.

Оған 50 мемлекеттен 300-ге жуық шахматшы келеді. Ашық турнирлерге 176 ер мен 98 әйел қатысады. Чемпионаттың жеңіске үміткерлері қазіргі әлем чемпионы Магнус Карлсен (Норвегия, желтоқсандық тізімдегі рейтингі 2859, Хикара Накамура (АҚШ, 2768), Фабиана Каруана (АҚШ, 2766), Ян Непомнящий (FIDE, 2793), Аниш Гири (Нидерланд, 2764), Александр Грищук (ФИДЕ, 2745), Шахрияр Мамедьяров (Әзербайжан, 2740), Ян-Кшиштоф Дуда (Польша, 2729), Юй Янъи́ (Қытай, 2728), қазіргі чемпион Максим Вашье-Лаграв (Франция, 2737 - Блиц), сонымен қатар басқа да атақты шахматшылар қатысады.

Әйелдер арасында Александра Горячкина (ФИДЕ, 2584), Катерина Лагно (ФИДЕ, 2563), Хампи Конеру (Үндістан, 2572), Тан Жонгуй (Қытай, 2518), Нана Дзагнидзе (Грузия, 2517), Харика Дронавали (Үндістан, 2507), Жансая Абдумалік (Казақстан, 2496), Сарасадат Хамедальшарьех (Иран, 2490), Антоанета Стефанова (Бұлғария, 2442), қазіргі чемпиондар Александра Костейнюк (ФИДЕ, 2520 - рапид) және Бибісара Асаубаева (Казахстан, 2440) сияқты даңқты спортшылар және де басқа да мықты шахматшылар ойнайды.

Ашық чемпионатқа қатысу үшін рейтинг 2550-ден кем болмау керек, әйелдер арасында 2250-ден кем емес. Сонымен қатар қазіргі ұлттық чемпиондар рейтингтен тыс, ФИДЕ президенті тарапынан 10 номинант, ұйымдастырушылар тарапынан 15 номинант (ашық турнир) және 10 номинант (әйелдер турнирі үшін) қатыса алады.

Жүлде қоры - 1 миллион доллар.