Египетте қар жауды

Египетте қар жауды
Сурет: Ашық дереккөзі

Ауа райының бұндай құбылысы аймақта өте сирек кездеседі

Египет астанасы Каир мен тағы бірнеше провинцияда қар аралас бұршақ пен жауын-шашын болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. Бұл туралы «Хабар 24» жазды. 

Ауа райының бұндай құбылысы аймақта өте сирек кездеседі. Бастапқыда төпелеп жауған жауын тасқынға ұласты. Салдарынан көше жолдары су астында қалды. Кейін қар аралас бұршақ жауған. Синоптиктердің айтуынша, кей өңірлерде күн әлі де күркіреп жатыр. 

Ақпарат көздері ауа райының күрт өзгергеніне қарамастан, Каирдің халықаралық әуежайы қалыпты режимде жұмыс істеп жатқанын хабарлады. Алайда аймақтағы төтенше жағдай қызметінің мамандары күшейтілген режимге көшті.