2023 жылы Алматы экономикасына 1,5 трлн теңге инвестиция тартылды

2023 жылы Алматы экономикасына 1,5 трлн теңге инвестиция тартылды
almaty-akshamy.kz

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев мегаполисте жоғары инвестициялық белсенділік сақталып отырғанын атап өтті. Мәселен, 2023 жылдың 11 айында негізгі капиталға 19,9% өсіммен 1,5 трлн теңгеден астам инвестиция тартылды.

Сонымен қатар, атап өтілгендей, жеке инвестициялардың өсімі 30,3%-ға дейін жеделдеді.

«Инвестициялар құрылымында IT-секторды 7,3 есеге, денсаулық сақтауды 3,7 есеге, өңдеу өнеркәсібін 19,2 пайызға және туризмді 2 есеге дамытуға баса назар аударатын сапалы өзгерістер бар», - деді Алматы әкімі.

Жоғары инвестициялық белсенділік пен экономиканың серпінді дамуы ағымдағы жылдың 8 желтоқсанында Fitch Ratings тарапынан Алматының кредиттік рейтингін «ВВВ» деңгейінде «Тұрақты» болжаммен растауға мүмкіндік берді.