2023 жылы Алматы экономикасының өсу қарқыны 13 % құрады

2023 жылы Алматы экономикасының өсу қарқыны 13 % құрады
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев 2023 жылдың 11 айында қысқа мерзімді экономикалық индикатор 13%-ға өсіп, көшбасшы орынға ие болғанын атап өтті, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында әкім экономиканың өсу қарқыны туралы хабарлады.

Атап өткендей, экономикалық өсім драйверлері 17,7% өсіммен өңдеу өнеркәсібі болды.

«Қарашада жылдық инфляция 10,5%-ға дейін баяулады. Еңбек нарығындағы жағдай жақсарып келеді. 79,5 мың жұмыс орны құрылды, оның 80 пайызы тұрақты», — деді Е.Досаев.

2023 жылдың қорытындысы бойынша Алматы экономикасының өсімін 6,5% - ға дейін жеделдету күтілуде, бұл жан басына шаққандағы ЖӨӨ-ні 21,2 мың АҚШ доллары деңгейінде қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.