Қазақстандық гимнаст Грекиядағы турнирде 4 алтынды қанжығасына байлады

Қазақстандық гимнаст Грекиядағы турнирде 4 алтынды қанжығасына байлады
Сурет: Olympic.kz

Отандық гимнаст бір өзі төрт алтынды жеңіп алды

Грекия астанасы Афины қаласында өтіп жатқан«Афродита кубогі» халықаралық турнирінде қазақстандық Айбота Ертайқызы сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. Olympic.kz-ке сілтеме жасап. 

Айбота жекелей сын мен көпсайыс қорытындысы бойынша бірінші орын иеленді. 

Ол доппен жаттығудан 19,4, таспамен жаттығудан 18,4, шығыршықпен жаттығудан 21,8, ұршықпен жаттығудан 17,5 ұпай жинады. 

Осылайша, қазақстандық гимнаст халықаралық бәсекені төрт алтынмен аяқтап отыр.