20 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

20 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы
Сурет: Ашық дереккөзі

Еліміздің басым бөлігінде үсік жүріп, жел тұрады

20 қыркүйекте еліміздің 11 облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Батыс Қазақстан облысының батысы мен солтүстік-батысында күн күркірейді. Күндіз облыстың оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен 15-20 м/с жылдамдықпен жел тұрады.

Күндіз Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл болады деп күтіледі. Күндіз облыс орталығында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Атырау облысының солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Түнде Ақмола облысының шығысында 1 градус суық болады.

Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.