Сергей Пономарев тректегі велоспорттан екі алтын жеңіп алды

Сергей Пономарев тректегі велоспорттан екі алтын жеңіп алды
Сурет: Olympic.kz

Пономарев жеке спринтте және кейринде алтын жеңіп алды

Қазақстандық Сергей Пономарев Испаниядағы тректегі велоспорт турнирінде екі алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Тректегі велоспорттан Қазақстан командасының өкілі Сергей Пономарев Испаниядағы Trofeu Internacional de pista Cuitat de Barcelona турнирінде екі рет тұғырдың бірінші сатысына көтерілді», - деп жазды Olympic.kz.

Айта кетейік, спортшы екі пән бойынша үздік атанды. Пономарев жеке спринтте және кейринде алтын жеңіп алды.