180 елдің туын танитын балақай министрмен кездесті

180 елдің туын танитын балақай министрмен кездесті
Сурет: Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі

Әлемнің 180 елінің мемлекеттік туын жатқа білетін Ерген Дүйсенбек 6 жаста.

Астана қаласындағы мектептердің бірінің оқушысы Ерген Дүйсенбек Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевпен кездесті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz министрліктің Telegram-арнасына сілтеме жасап.

Кездесуге Ерген тулар жинағын әкеліп, білімін көрсетті. Кішкентай білімпаздың арманы осы елдердің бәрін аралап, көзбен көру екен.

Ерген әлемнің барлық мемлекетінің туын білгенмен, соның ішіндегі ең әдемісі біздің елдің туы деп есептейді.

«Мен есейгенде атақты адам болып, көк байрағымызды бүкіл әлемге танытып, көкке көтергім келеді», – дейді Ерген Дүйсенбек.

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев бірінші сынып оқушысы Ерген Дүйсенбекпен әңгімелесіп, оған грамота мен естелік сыйлықтар табыс етті.

Министр Ергеннің ата-анасына ақылды және білімді ұрпақ тәрбиелегендері үшін алғыс айтты.