Елімізде індет жұқтырғандар саны көбейді

Елімізде індет жұқтырғандар саны көбейді
Сурет: Мos.ru

Тоғыз адамның жағдайы ауыр.

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны көбейіп жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Мұны COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК деректері растайды.

19 қаңтардағы мәлімет бойынша, коронавирустан 1 967 адам (коронавирус (КВИ+) - 1 820, пневмония (КВИ-) - 147) емделіп, олардың ішінде 154 науқас стационарда, 1 813 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында 9 адамның жағдайы ауыр, 5 науқастың жағдайы өте ауыр, 4 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.