15 транформаторлық подстанцияға күрделі жөндеу жүргізілді

15 транформаторлық подстанцияға күрделі жөндеу жүргізілді
Сурет: Д.Исаев

Аудандағы маңызды мәселеленің бірі –  тұрақты жылумен қамтамасыз ету.

Мамыр шағын ауданындағы және Сайын көшесінің бойындағы ұзындығы 3,2 км желілерді реконструкциялау жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Оның 1,4 км-і аяқталды (2023 жылға арналған жоспар 100% орындалды), қалған 1,8 км желіні 2024 жылдың IV-ші тоқсанына дейін аяқтау жоспарлануда.

Үздіксіз электрмен қамтамасыз ету мәселесі де әкімдіктің ерекше назарында. Бүгінгі күні 15 транформаторлық подстанциядағы жабдыққа күрделі жөндеу және 68 транформаторлық подстанцияда ағымдағы жөндеу жүргізілді. Сондай-ақ ұзындығы 6 км әуе желілеріне, 2 км кабель желілеріне күрделі жөндеу жүргізілді (2023 жылға арналған жоспар 100% орындалды).