Биыл Сайын көшесіндегі 4 жерасты өткелі жөнделеді

Биыл Сайын көшесіндегі 4 жерасты өткелі жөнделеді
almaty-akshamy.kz

Көлік легінің шамадан тыс жүктелу проблемасын шешу мақсатында Төле би көшесін ұзарту жалғасуда Бүгінгі таңда жер учаскелерін сатып алу және инженерлік желілерді шығару жұмыстары жүргізілуде, - - деді қала әкімі Ерболат Досаев тұрғындармен кездесуде.

Береговой және Ю. Ким көшелерінің қиылысында бағдаршам кешенінің құрылысы басталды, желтоқсанда іске қосу жоспарланып отыр.

Сондай-ақ Төле би және Фуркат көшелерінің қиылысында реттелетін жаяу жүргіншілер өткелінің жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ қазан айына дейін Сайын көшесі бойынша 4 жерасты өткелі жөнделеді.

Сонымен қатар 2024 жылдың II-ші тоқсанында 5 жер үсті өткелін күрделі жөндеу  жұмыстары басталады.