Түркістанға рухани және тарихи елорда деген мәртебе беру керек

Түркістанға рухани және тарихи елорда деген мәртебе беру керек
Сурет: Baq.kz

Президент Түркістан облысына жұмыс сапары барысында өңір жұртшылығымен кездесті.

Кездесуде "Түркістанға рухани және тарихи елорда деген мәртебе беру керек", - деді Президент, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Мемлекет басшысы кездесудегі сөзін: «Түркістан – Атажұртымыздың алтын қазығы. Түркістан – бәріміздің мақтанышымыз, екі дүние есігі, ер түріктің бесігі атанған бүкіл әлемге танымал қасиетті жер. Осы киелі шаһардың төл тарихымызда айрықша орны бар. Түркістан төріндегі Қожа Ахмет Ясауи кесенесі – руханиятымыздың мызғымас діңгегі», – деп бастады.

Сондай-ақ көптеген тұлғаларымыздың осында жерленгенін тілге тиек етті.

«Былтыр қалаға Түркі әлемінің рухани астанасы деген мәртебе берілді. Бұл Түркістанды тұтас түркі жұрты ерекше қадірлейді деген сөз. Ал біз киелі шаһарды рухани және тарихи елордамыз десек, дұрыс пайым болатынына күмәнім жоқ. Сондықтан Үкімет таяу арада Түркістан қаласына осындай мәртебе беру мәселесіне қатысты лайықты шешім қабылдайды деп ойлаймын. Қастерлі шаһар көне заманнан бері ұлттың ұясы, қазақтың қара шаңырағы болып келеді», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.