11 сәуірге арналған ауа райы болжамы

11 сәуірге арналған ауа райы болжамы
Сурет: Ашық дереккөз

Үсік, жаңбыр, найзағай 

Синоптиктер Қазақстанда 2023 жылдың 11 сәуіріне ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

"Қазгидромет" РМК ұсынған мәлімет бойынша, елдің басым бөлігі атмосфералық фронтальды бөлімдердің ықпалында болатындықтан, ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады және жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын болжанады, оңтүстікте таулы аудандарда кейде қатты жаңбыр жауады. Тек солтүстік пен батыста ауа райы жауын-шашынсыз болады.

Республика бойынша жел күшеюі күшейіп, батыста, солтүстік-батыста тұман түседі, оңтүстік өңірлерде найзағай ойнап, бұршақ жауады.

Алматы, Түркістан, Жамбыл, Жетісу облыстарының оңтүстігінде, орталығында және таулы, тау бөктеріндегі аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады.

Жамбыл облысында синоптиктер екпіні 30 м/с және одан да жоғары болатын қатты желді болжады.

Түнде Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, солтүстігінде топырақ бетінде 3 градус үсік жүреді.

Астанада көшпеі бұлт, таңертең және түстен кейін аздаған жауын-шашын (негізінен жаңбыр). Күндіз желдің екпіні 9-14 м/с болады. Түнде ауа температурасы 0, -2°С, күндіз + 5 + 7°С.

Алматыда күн бұлтты, жаңбыр жауады, арасынд қатты жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Найзағай кезінде желдің екпіні 15 м/с болады. Ауа температурасы түнде + 7 + 9°С, күндіз + 11 + 13°С.

Шымкентте көшпелі бұлт, түнде және таңертең жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Найзағай кезінде желдің екпіні 15-20 м/с болады. Ауа температурасы түнде + 7 + 9°С, күндіз + 16 + 18°С.