10 ақпанға арналған ауа райы болжамы

10 ақпанға арналған ауа райы болжамы
Сурет: Ашық дереккөз

Елдің басым бөлігінде қарлы боран болады

Синоптиктер 2023 жылдың 10 ақпанында Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтты. Болжам бойынша, еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады - қар жауып, бұрқасындатады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша, республиканың оңтүстігі мен шығысында қар жауады, оңтүстік-шығыста жауын-шашын, кей жерлерде жаңбыр мен қар күтіледі.

Тек Қазақстанның батысында ауа райы жауын-шашынсыз.

Республикада, болжам бойынша, жел күшейеді, тұман, оңтүстік-шығыста көктайғақ болады.