1 қыркүйекте Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтеді

1 қыркүйекте Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтеді
Сурет: Elorda.info

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Қазақстан Республикасы Парламент палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысы 2022 жылғы 1 қыркүйекте сағат 11.00-де Нұр-Сұлтан қаласында шақырылсын», – деп жазылған Өкім мәтінінде.