1-2 қаңтарда Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль пунктері жабық болады

1-2 қаңтарда Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль пунктері жабық болады
Сурет: Ашық дереккөзі

Қазақстан-Қытай шекарасындағы теміржол өткізу пунктері штаттық режимде жұмысын жалғастырады

2023 жылғы 1 және 2 қаңтарда Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттері істемейді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы өткізу пунктері туралы келісімге сәйкес, мереке күндеріне байланысты 2023 жылғы 1, 2 қаңтарда Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттерінде тұлғаларды, көлік құралдары мен жүктерді өткізу жүзеге асырылмайтынын хабарлайды.

Қазақстан-Қытай шекарасындағы теміржол өткізу пункттері штаттық режимде жұмысын жалғастырады.

Тасымалдаушыларды және барлық шекараны кесіп өтуге ниет білдірушілерді енгізілген шектеулерді ескере отырып, өз бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз», - делінген ресми хабарламада.