Емделіп жатқан 72 науқастың жағдайы өте ауыр

Емделіп жатқан 72 науқастың жағдайы өте ауыр
Cурет: Egemen.kz

56 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр

Қазақстанда 25 желтоқсандағы мәлімет бойынша, 18 209 адам коронавирус инфекциясынан (–15 855+ және 2 354 КВИ-) емделіп жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz  ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Telegram каналына сілтеме жасап.

Олардың ішінде 2 776 пациент стационарда, 15 433 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 248 адамның жағдайы ауыр,
• 72 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 56 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.