Өңірлерді эпидемиологиялық бағалау матрицасы жарияланды

Өңірлерді эпидемиологиялық бағалау матрицасы жарияланды
Cурет: 24.kz

«Қызыл» аймақта бірде бір өңір қалған жоқ

11 желтоқсандағы Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Қызыл» аймақта қазір ешқандай облыс жоқ.

«Сары» аймақта Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары орналасқан.

«Жасыл» аймақта - Алматы, Шымкент қалалары, Атырау, Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстары тұр.