Өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан 28 адам қайтыс болды

Өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан 28 адам қайтыс болды
Cурет: Inform.kz

Пандемия басталғалы бұл дерттен 17 мыңнан астам адам көз жұмған

Қазақстанда коронавирус пен коронавирус белгілері бар пневмониядан тағы 28 адам қайтыс болды. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

5 қарашадағы мәліметке сәйкес, ел өңірлерінде коронавирус пневмониясының 145 жағдайы және 3 өлім жағдайы тіркелді, 205 адам емделіп шықты. 2020 жылдың 1 тамызы 2021 жылдың 5 қарашасы аралығында ауырғандар – 80329, қайтыс болды – 5068, жазылып шықты 69897 адам.

Сондай-ақ Денсаулық сақтау министрлігінің дерегіне сәйкес, 5 қарашада коронавирус инфекциясынан 25 адам қайтыс болды. 2020 жылдың 13 наурызы – 2021 жылдың 6 қарашасы аралығында елімізде індет 948 599 адамнан анықталды, қайтыс болды – 12 250 науқас.