Алматы облысында Құтқарушылар күніне арналған салтанатты іс-шара өтті

Алматы облысында Құтқарушылар күніне арналған салтанатты іс-шара өтті
Cурет: Алматы облысы ТЖД

19 қазан - құтқарушылардың кәсіби мерекесі

2021 жылғы 19 қазан күні азаматтық қорғау органдарына 26 жыл толады, осыған орай Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті бірқатар салтанатты іс-шаралар өткізді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгін Қазақстанның ТЖ алдын алу және жою жүйесіне 26 жыл толды. Құтқарушылар күні - бұл нағыз батырлардың мерекесі, қандай да бір табиғи апат салдарынан қиыншылыққа тап болған азаматтарды құтқаруға асығатын қызметкерлердің бәрінің мерекесі. Құтқарушылардың қызметі ерекше, ол кәсіби борышын орындау кезінде өз өмірі үшін тәуекелдермен ұштасады. Құтқарушы болу үшін теориялық және практикалық базаны жақсы меңгеру, кез келген төтенше жағдайларға дайын болу қажет. Жасыратыны жоқ, кейде олар мыңдаған адамдардың өмірін сақтап қалу үшін өз өмірлерін береді. Оларды біздің заманымыздың батырлары деп атауға болады.

Өткен жылдар ішінде құтқарушылар әртүрлі нысандардағы адамдарды өрттен және түрлі апаттардан құтқару жөніндегі игі істе өздерінің жоғары кәсібилігін бірнеше рет көрсетті. Күн сайын олар лайықты қызмет атқарады, осы адамдардың арқасында төтенше жағдайға тап болған адамдар үшін жаңа күн келеді. 
2021 жылғы 19 қазан күні азаматтық қорғау органдарына 26 жыл толды, осыған орай Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті бірқатар салтанатты іс-шаралар өткізді. Осы күні жеке құрамды салтанатты түрде құрудан және азаматтық қорғау органдарына жаңадан қабылданған жас қызметкерлердің ант қабылдауының салтанатты рәсімдерін өткізуден басталды. Содан кейін қызметтік борышын орындау кезінде қаза тапқан қызметкерлердің ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.

Өскелең ұрпақтың өмір қауіпсіздігі мәдениетін қалыптастыру, сондай-ақ төтенше жағдайлар мен адам өлімінің алдын алу мақсатында жаңа шағын аудандағы көп пәтерлі үйлер, бірінің қасбетінде өрт сөндірушілер мен құтқарушыларға арналған муралдың салтанатты ашылуы өтті, оған Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары, азаматтық қорғау жүйесінің ардагерлері, Департаменттің жеке құрамы және БАҚ өкілдері қатысты. Муралдың ашылу салтанатында Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары Л. М. Тұрлашов, Алматы облысы ТЖД бастығы А. Т. Тойшыбеков және «Төтенше жағдайлар органдарының Қазақстандық ардагерлер ұйымы» ҚБ Алматы облысы бойынша филиалының төрағасы Н. Б. Қойшыбаев құттықтау сөз сөйледі.

Кәсіби мереке – Құтқарушылар күнін мерекелеуге арналған іс-шара Оқушылар сарайында жалғасты, онда азаматтық қорғау органдарының ардагерлері, департамент және оның аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлері үшін мерекелік концерт өтті. Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары Л.Тұрлашов және Алматы облысы ТЖД бастығы А. Тойчубеков құттықтау сөз сөйледі.

Құтқарушылар күніне арналған салтанатты іс-шарада өрттерде және басқа да төтенше жағдайларда қауіпсіздікті қамтамасыз ету және адамдардың қаза болуын алдын алу бойынша жұмыстарға елеулі үлес қосқан департамент қызметкерлері Алматы облысы әкімінің және ҚР Төтенше жағдайлар министрінің ведомстволық медальдарымен және Құрмет грамоталарымен марапатталды. Шара соңында құтқарушылар күніне арналған бейнефильм көрсетілді.