Ұлттық ұлан қарияларға құрмет көрсетті

Ұлттық ұлан қарияларға құрмет көрсетті
Суреттер: Almaty-akshamy.kz

Ардагерлерге көрсетілген құрмет

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы  қолбасшысының орынбасары полковник Ниязтай Әлкешевтің басшылығымен Ұлттық ұланның әскери  қызметшілері мен ардагерлер кеңесінің өкілдері Қарттар күні мерекесімен Ұлттық ұлан ардагерлерін құттықтады. 


Ұлттық ұланның «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының есебінде бүгінде 80-ге жуық егде жастағы ардагер бар.  Өңірлік қолбасшылыққа қарасты 10 әскери бөлім осы ардагерлерді қамқорлыққа алған. Олар бүгін әр ардагердің отбасына арнайы сәлем бере барып, мерекемен құттықтап, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұлан Бас қолбасшысы, генерал-лейтенант Руслан Жақсылықовтың және Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы, генерал-майор Талапкер Әміреевтің атынан алғыс хат пен сый-сияпат ұсынды.