Қытайда коронавирус қайта өрши түсті

Қытайда коронавирус қайта өрши түсті
Сурет: Buro247.ru

Қытайда COVID-19 жұқтырудың жаңа 93 жағдайы тіркелді


Бұл туралы ҚХР Денсаулық сақтау және бала туу жөніндегі мемлекеттік комитеті хабарлады. 93 жағдайдың 35-і елдің солтүстік-шығысындағы Хэйхе қаласында тіркелгені атап өтілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Ведомствода бір күн бұрын ел ішінде 54 адам жұқтырғаны, өткен аптада 59 адам жұқтырғаны анықталды. Шенеуніктер қазіргі жағдай өте жұқпалы дельта штамына байланысты деп санайды. Сонымен бірге, жергілікті БАҚ бұл тенденцияны «алаңдаушылық туғызады» деп жазуда. Себебі билік қабылдаған қатаң шектеу шараларына қарамастан ауру жұқтыру географиясы кеңейіп барады.

Қытай билігі вирустың таралуын тұрғындарды жаппай тестілеу және ауруханаларды мақсатты түрде жабу арқылы болдырмауға тырысты, өйткені ауру 11 провинцияға таралған. Қытай сапарларға шектеулер қойып, тексерулерді күшейтті және ауруды басу үшін сақ болуға шақырды.

Бұған дейін Қытайдың Ухань қаласының билігі қалада коронавирус инфекциясының бірнеше жағдайы анықталғаннан кейін бүкіл халықты ПТР-тестілеуден өткізген еді.