Қазақстанның екі өңірі ғана «сары» аймақта тұр

Қазақстанның екі өңірі ғана «сары» аймақта тұр
Сурет: Inbusiness.kz

Одан басқа облыстар мен ірі қалалардың бәрі қауіпті «қызыл» аймақ шеңберінде орналасқан. 

2021 жылғы 23 шілдедегі мәлімет бойынша, Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Сонымен матрица бағалауы бойынша еліміздегі эпидахуал көрсеткіші төмендегідей:

«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары. 

«Сары» аймақта: Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстары тұр.