Роза Бағланованың 100 жылдығы ЮНЕСКО мерейтойлар тізіміне енді

Роза Бағланованың 100 жылдығы ЮНЕСКО мерейтойлар тізіміне енді
Сурет: Inform.kz

Бұдан бұрын  еліміздің өнер ұжымы «Қазақконцертке» Роза Бағланованың есімі берілгенін жазғанбыз.

Бүгін ЮНЕСКО-ның 41-ші Бас конференциясының арнайы қарарымен 2022-2023 жылдарға арналған халықаралық мерейтойлар тізімі қабылданып, оған Қазақстанның ұсынысымен әнші Роза Бағланованың 100 жылдығы енді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қазақстанның Франциядағы Елшісі және ЮНЕСКО жанындағы Тұрақты өкілі Жан Ғалиев Бас конференцияға ұсыныстарымызды қолдағаны үшін алғыс білдіріп, мүше мемлекеттерді және Ұйым хатшылығын аталған мерейтойлар аясында елімізде және шетелде өткізілуі жоспарланып отырған іс-шараларға қатысуға шақырды. 

Роза Тәжібайқызы Бағланова  – әнші, Қазақстанның (1955) және бұрынғы КСРО халық әртісі (1967), Халық қаһарманы (1996).