Әлихан Смайылов министрлерге үндеу жасады

Әлихан Смайылов министрлерге үндеу жасады Сурет: Рrimeminister.kz

Смайылов министрлер мен әкімдерге өзара тығыз байланыс орнатып, әрбір мәселені бірге шешу керек екенін айтты.


Премьер-Министр Әлихан Смайылов Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сынынан кейін Министрлер кабинеті мүшелеріне үндеу жасады, - деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz



«Президент берген тапсырмаларды нәтижелі орындау керек. Президенттің біздің жұмысымызға қатысты кеше айтылған сыны өте маңызды екенін атап өткім келеді. Барлық мемлекеттік орган, әкімдіктер мен квазимемлекеттік сектор белсенділігін арттыруы қажет. Бірінші басшылар Президент тапсырмаларының орындалуын жеке бақылауға алуы керек. Жобалар мен бағдарламаның бәрі өңірлерде жүзеге асырылады. Олар халықтың әл-ауқатына тікелей әсер етеді. Сондықтан, Үкімет пен әкімдіктер өзара тығыз байланыс орнатып, әрбір мәселені бірлесіп шешуі керек», - деді Премьер-Министр.



Смайылов министрлер мен әкімдерге өзара тығыз байланыс орнатып, әрбір мәселені бірге шешу керек екенін айтты.



«Жалпы, Үкімет жұмысының нәтижелі болуы әрқайсымыздың тиімді жұмыс істеуімізге байланысты. Ел экономикасының дамуы, азаматтардың тұрмыс сапасының жақсарғанын сезінуі үшін жоспарланған жұмысты бірлесіп жүзеге асыруға күш салуымыз керек», - деді ол.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

18:41

18:39

18:31

18:10

16:06

15:46

14:37

14:12

12:22

12:05

09:32

12:48

12:02

11:37

11:12

10:45

10:12

09:36

09:30

09:02

08:53

07:41

06:19

05:37

05:14