Қазақстанның бір қаласы мен жеті облысы жасыл аймаққа шықты

Қазақстанның бір қаласы мен жеті облысы жасыл аймаққа шықты
Сурет: Egemen.kz

Еліміздің солтүстік өңірлері қызыл аймақтан шыға алмай отыр

COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-тың Telegram каналында 2021 жылғы 02 қарашадағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

 «Қызыл» аймақта: Қостанай, Павлодар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары.

 «Сары» аймақта : Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Қарағанды, Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстары.

 «Жасыл» аймақта: Шымкент қаласы, Ақтөбе, Атырау, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау облыстары.