Алматы тұрғындарын ауаның ластануы алаңдатады

Алматы тұрғындарын ауаның ластануы алаңдатады
Сурет: Inform.kz

Еліміздің Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешевпен өткен кездесуде бұдан өзге де қоршаған ортаны қорғауға қатысты өзекті мәселелер талқыланды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап. 

Қала тұрғындары "уақыт создырмай жылу электр орталықтары мен автокөліктерден шығатын көмірқышқыл газын азайтып, тұрмыс қалдықтарын өңдеуге қатысты тың жобаларды қолға алу керек" дейді. Министрлік өкілдерінің айтуынша, өкінішке қарай, елімізде әзірге қоқыс қалдықтарының 18 пайызы ғана өңделеді. Дегенмен, алдағы уақытта бұл көрсеткішті 30 пайызға жеткізу жоспарда бар. Сондай-ақ министрмен кездесуде жұртшылық шаһарды көгалдандыру, ескі көліктердің жайы мен халық арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру сияқты жайттарды көтерді.

 «Жылу станциясы бойынша 2026 жылға дейін ГРЭС-гі станция, Алматының ішіндегі газға толық көшетін болады. Реконструкция жасап жатыр. 83 процент фракцияларын азайтуға жоспарымыз бар. Бұл бір. Екіншісі - Үкіметпен бірлесіп, көлікке байланысты жол картасын әзірледік», - дейді ҚР ЭГТРМ Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Зұлфұхар Жолдасов.