Қазақстан халқы Ассамблеясы: Барлық қазақстандық тең құқылы

Қазақстан халқы Ассамблеясы: Барлық қазақстандық тең құқылы
сурет: Dasturkb.kz

Қазақстанның Тәуелсіздік жылдарындағы елдегі этносаралық, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті қамтамасыз ету саласындағы маңызды жетістіктері талқыланды.

ҚР Конституциясы күніне арналған «Тәуелсіздіктің 30 жылдығы – бірліктің, бейбітшілік пен келісімнің 30 жылдығы» тақырыбында өткен дөңгелек үстел барысында Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері мемлекеттік тілді білуге қатысты өте кінәмшіл сұрақты қозғады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері мемлекеттік тілді білуге қатысты мәселе көп ұлтты республика тұрғындары арасындағы алауыздық тудырмауы тиіс деген ортақ пайымға келді.

«Орыс халқының өкілі ретінде екі халықтың, қазақ пен орыстың тағдыры тарихи тұрғыда баяғыдан-ақ өрілгендігін айта аламын. Ондаған жыл бойы біздің тағдырымыз, өміріміз, мәдениетіміз бір-бірімен бірігіп кетті. Сондықтан Қазақстанда орыстар нашар тұрады немесе олар қысым көріп жатыр деу – бұл дәлелденбеген, даурықпа сөз», - деді Наталья Деменьтева.

Айта кетейік, іс-шараға Мәжіліс депутаттары, Қазақстан халқы Ассамблеясы сараптамалық кеңесінің мүшелері, зиялы қауым мен этномәдени бірлестіктердің өкілдері қатысты. Олар азаматтардың құқықтары мен бостандықтары, Ата заңның нормаларымен бекітілген теңдік, бірлік, заң үстемдігі қағидаттары туралы мәселелерді қозғады.