Үйден тыс жерде маска кию талап етіледі

Үйден тыс жерде маска кию талап етіледі
сурет: Unn.com.ua

Сиднейдің 12 ауданында коменданттық сағат енгізілді.

Сиднейде COVID-19 науқастары санының өсуіне байланысты карантин бір айға ұзартылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv-ге сілтеме жасап.

Дүйсенбіден, 23 тамыздан, бастап күшіне енетін жаңа шектеулердің ішінде мегаполистің 12 ауданында 21:00-ден 05:00-ге дейін коменданттық сағат енгізіледі және үйден тыс жерде маска кию талап етіледі. Черногория эпидемиялық жағдайдың нашарлауына байланысты шетелдіктердің елге кіру шарттарын қатаңдатты. 
Сондай-ақ, елде ашық аспан астында 50-ден астам ересек адамның жиналуына тыйым салынды. Бірқатар елдерде коронавирус жұқтырғандардың тәуліктік санының өсуі бойынша антирекордтар тіркелді: Жапонияда 25 155 жағдай, Малайзияда 23 564 жағдай, Филиппинде 14 895 жағдай анықталды.