Қайрат Тарбаев,  «Алматы қаласы музейлер бірлестігі» директорының даму жөніндегі орынбасары: Қалыпты өмірге оралудың жалғыз жолы – вакцина алу

Қайрат Тарбаев,  «Алматы қаласы музейлер бірлестігі» директорының даму жөніндегі орынбасары: Қалыпты өмірге оралудың жалғыз жолы – вакцина алу
almaty-akshamy.kz

Қайрат ТАРБАЕВ,  «Алматы қаласы музейлер бірлестігі» директорының даму жөніндегі орынбасары:

– Вакцина жайлы көп ойландым. Себебі әлеуметтік желілерде екпе туралы жалған ақпараттардың таралуына байланысты ішімізден қорқыныш сезімі болғаны жасырын емес. Сондықтан ресми ақпарат көздеріндегі ғылыми тұрғыда расталған ақпараттарға қанықтық.

Қазіргі уақытта біз үшін қалыпты өмірге оралудың жалғыз жолы – вакцина алу. Мен «Спутник V» вакцинасының бірінші компонентін 27 мамырда алдым. Емханаға барған сәтімде ең бірінші дәрігерлер менің денсаулығымды тексеріп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сондықтан да екпеге деген сенімім артты.

Мен екпеге, ғылымға сенемін.