Жүкті әйелдерге неліктен тұмау мен ЖРВИ-дан вакцина алу керек?

Жүкті әйелдерге неліктен тұмау мен ЖРВИ-дан вакцина алу керек?
Сурет: Life.pravda.com.ua

Бұл туралы  Алматы қалалық №16 емхананың гинекология бөлімшесінің меңгерушісі айтып берді. 

Қазақстан Республикасының тұрғындары арасында тұмаудың және басқа да жіті респираторлық вирустық инфекциялардың таралуының алдын алу мақсатында 2023 жылғы 1 қазаннан бастап тұмауға қарсы иммундау науқаны жүргізілуде, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Жүктілік вакцинацияға қарсы көрсеткіш болып табылмайды. Жүкті әйелдер мен босанғаннан кейінгі әйелдер респираторлық инфекциялардың қолайсыз ағымы үшін жоғары қауіп тобына кіреді, олардың арасында тұмау мен ЖРВИ кең таралған аурулар болып табылады, көбіне жүкті әйел мен оның ішіндегі баласы үшін асқынулардың пайда болу қаупін тудырады», - деп белгілеп өтті гинекология бөлімшесінің меңгерушісі Анна Вершинина. 

Жүкті әйелдерді тұмауға қарсы вакцинациялау Еуропа мен Американың көптеген елдерінде 20 жылдан астам уақыт бойы жүргізіліп келеді, оның иммунологиялық тиімділігі 70-85%-ға жетеді. Жүкті әйелдерді тұмауға қарсы вакцинациялау кезінде, ең алдымен, әйел науқас адаммен эпидемиялық байланыста болған жағдайда инфекцияны жою немесе шектеу мақсаты қойылады.

«Жүкті әйелдерге, әсіресе жүктілік эпидемияның маусымдық кезеңінде болса жүктіліктің 2-3 триместрінен бастап тұмауға қарсы вакцинация жасау ұсынылады», - деп атап өтті Анна Вершинина.

Екпе салудың  келесідей маңызды себептері бар:
1. Жүктілік кезінде иммунитет әлсірегендіктен, жүкті әйелдің тұмау жұқтыру қаупі әлдеқайда жоғары болады.
2. Тұмау жұқтырған жағдайда жүкті әйелдегі аурудың ағымы әлдеқайда күрделі және асқынулармен өтеді, соның ішінде жүктілік тарапынан да қиындықтар болуы мүмкін.
3. Тұмаудың ауыр түрі жүктіліктің үзілуіне, жүктіліктің тоқтап қалуына, мерзімінен бұрын босануға, жатыр суының көбеюіне, ұрықтың жатырішілік дамуының кешеуілдеуіне, ұрықтағы жатырішілік пневмонияға әкелуі мүмкін.
4.Жүкті әйелдерді тұмауға қарсы иммундау тек ананы ғана емес, болашақ баланы да қорғайды. Жүктілік кезінде екпе салған жүкті әйел тұмауға қарсы антиденелерді ұрыққа плацента арқылы жібереді. Вакцинацияланған анадан туылған бала кем дегенде 6 ай бойы тұмаудан қорғалған болады.
5. Жүкті әйелді тұмауға қарсы вакцинациялау ұрық пен жаңа туған нәрестенің дамуына, лактация кезеңінің ұзақтығына, емшек сүтінің мөлшері мен сапасына әсер етпейтіні көпжылдық зерттеулермен дәлелденген.

Жүктілік кезінде тұмауға қарсы вакцинацияланған аналардан туылған нәрестелер арасында тұмауға қарсы антиденелерді анадан ұрыққа пассивті тасымалдау арқылы өмірдің алғашқы 6 айында балалардың тұмаумен ауыру деңгейі 50-63%-ға төмендегені туралы деректер бар.

Жүкті әйелдерді тұмауға қарсы иммундаудың келесідей жалпы қарсы көрсеткіштері бар:
* тауық жұмыртқасына аллергия, антибиотиктер;
* вакцинаға жеке төзбеушілік;
* алдыңғы вакцинацияға аллергиялық реакция;
* жүктіліктің бірінші триместрі
* катаральды құбылыстардың болуы

«Тұмауға қарсы уақтылы иммундау ананы ғана емес, нәрестені де қорғауға көмектеседі және жүктілікті жоспарлайтын жүктіліктің 2-3 триместрінен бастап барлық жүкті әйелдерге және босанғаннан кейінгі әйелдерге ұсынылады. Есіңізде болсын-ауруды емдеуден гөрі оның алдын алу әлдеқайда жеңілірек! Біз әрқайсымыз өз денсаулығымыз үшін және балаларымыздың денсаулығы үшін жауаптымыз»,- деп қорытындылады Анна Вершинина.