Жолдауды қолдау: Ата кәсібіміз - қазақтың төрт түлігін өсіруді жалғастыру керек

Жолдауды қолдау: Ата кәсібіміз - қазақтың төрт түлігін өсіруді жалғастыру керек
Сурет: Egemen.kz

Президент Жолдауына үн қосу.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдаған кезекті Жолдауына халық үн қосып, қолдау білдіріп жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

ҚазҰАЗУ мал шаруашылығы халықаралық зерттеу орталығының директоры Әбдірахман Омбаев Жолдауда айтылған азық-түлік қауіпсіздігі мәселесіне тоқталды.

«Азық қауіпсіздігі туралы Президент аса үлкен деңгейде айтты. Азық қауіпсіздігі шын мәнінде әлемдік деңгейдегі мәселе. Бұл - Қазақстанға  да тән мәселе. Екінші үлкен мәселе - ет-сүт мәселесі. Бұл да азық-түліктің ең қажет түрлері болып есептеледі. Осы мәселе мені көп ойландырады. Өйткені қазір біздің қолымызда бар малмен ет жөнінен өзімізді 100 пайыз қамтамасыз ете аламыз. Сүтке келсек, 70-80% қамтамасыз ете аламыз. Осы мәселеге біздің өзіміздің ғалымдарымыздың зерттеулерін бағыттауымыз керек. Ата кәсібіміз - қазақтың төрт-түлік малын өсіру жолын ары қарай жалғастырып, осы бағытта еңбек етуіміз керек. Сондықтан да мен Президенттің жолдауын қолдаймын. Қазақстанның өркендеуіне көп мүмкіндік жасалады деп ойлаймын», - деді ҚазҰАЗУ мал шаруашылығы халықаралық зерттеу орталығының директоры Әбдірахман Омбаев.