TARTYL FEST фестивалінің гранд финалы өтеді

TARTYL FEST фестивалінің гранд финалы өтеді
Сурет: Elorda.info

«Tartyl Fest» республикалық турникке тартылу фестивалі осыған дейін Қазақстанның 19 қаласында өтті.

Кезек Нұр-Сұлтан қаласына жетті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Elorda.info-ға сілтеме жасап. 

Іс-шараны ҚР Президенті жанындағы «Дара» дарындыларды қолдау қоры ұйымдастырып отыр.

6 қыркүйек күні «ЭКСПО» сахналық алаңында өтетін фестивальге қатысуға ниет танытқандарды тіркеу сағат 9.00-де басталып, 11.00-ге дейін жалғасады.

Ал ашылу салтанаты сағат 14.00-де өтеді. Әзірге ел бойынша рекордты Қарағанды қаласында 50 мәрте тартылған Евгений Намда орнатты.

Қатысушылар жас ерекшеліктеріне қарай 3-ке бөлінеді. Атап айтқанда, 18 жасқа дейін (жасөспірімдер), 18-ден 30 жасқа дейін (жастар) және 30 жас пен одан үлкендер (ересектер).

Жүлде қоры: 1-орын – 200 мың теңге, 2-орын – 100 мың теңге, 3-орын – 50 мың теңге.

Гранд финалдың жүлде қоры: 1-орын – 3 млн теңге, 2-орын – 2 млн теңге, 3-орын – 1 млн теңге.