Жолдауда бүгінгі күннің өзекті тақырыптары қамтылды

Жолдауда бүгінгі күннің өзекті тақырыптары қамтылды
Сурет: Turkystan.kz

Бұл  жаңалығы мен жақсылығы көп, халық күткен Жолдау болды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев санап тұрып, негізгі тоғыз мәселені шығарды. Барлығы бүгінгі күннің өзекті тақырыбы екенін айта кеткен жөн. 

Ең алдымен, заң мәселесін реттеп, бір жолға қою мәселесі көңілден шықты. Расында заң жүйесіндегі оң өзгерістердің пайдасы мол. Одан кейінгі мәселе, әйел адамдардың зейнетке шығу жасы туралы болды. Осы уақытқа дейін бұл мөлшер біртіндеп ұлғайып отырған. Қазір міне, енді 61 жас деп бекітілді. Бұл шынымен бүкіл Қазақстан әйелдерін қуантқан жаңалық болды. Өйткені осы мәселе жыл да күн тәртібінен түспейтін. Жалпы алғанда, осындай көкейкесті әлеуметтік мәселелер қамтылғаны жұртшылық ойынан шықты деп ойлаймын.