Алматы облысында браконьерлерден 2 284 киік мүйізі тәркіленді

Алматы облысында браконьерлерден 2 284 киік мүйізі тәркіленді
Сурет: Uralskweek.kz

Браконьерлер киік мүйіздерін 26 қорапқа бөліп салған.

Кеше Алматы облысы аумағынан 3 браконьер ұсталды, деп хабарлайды Almaty-aksham.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.  

«28 шілде күні сағат 15:06 шамасында Алматы облысының құқық қорғау органдары, Ұлттық қауіпсіздік комитет және «Охотзоопром» мекемесінің инспекторларымен бірлескен іс-шара өткізу барысында Алматы облысы, Іле ауданының аумағында үш браконьерді ұстады. Олар: БҚО, Алматы облысы және Қытай Халық Республикасының (ҚХР) тумасы. Тексеру барысында 2 284 дана киік мүйізі табылып, тәркіленді», - делінген ҚР Экология геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің хабарламасында.

Хабарламада айтылғандай, браконьерлер киік мүйіздерін 26 қорапқа бөліп салған.

Қазір аталған фактіге қатысты ҚР ҚК 339-бабы 1-1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүріп жатыр.