"Қазгидромет" ғалымдары Сел қауымдастығының жоғары бағасына ие болды

"Қазгидромет" ғалымдары Сел қауымдастығының жоғары бағасына ие болды
Сурет: Inform.kz

Флейшман атындағы медальмен марапатталды. 

Селдің алдын алу үшін еңбектеніп келе жатқан қазақстандық мамандар арнайы медальмен марапатталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

«Тәжірибелі мамандардың еңбегі, селтанушы ғалымдардың жоғары бағалауымен сел саласындағы ерен еңбегі үшін Флейшман атындағы медальмен марапатталды», - делінген Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Мамандардың айтуынша, осыдан бұрын "Қазгидрометтің" Ғылыми-зерттеу орталығында, сел қаупі бар кезеңде (мамырдан қыркүйекке дейін) кеңес беретін, ұзақ мерзімді болжамдар, нөсер және жауын-шашын салдарынан пайда болатын сел туралы дауылды ескертулерді жасайтын, сел процестерін зерттеу және болжау басқармасы ұйымдастырылған. 

«Селдің жаңа зерттеу басқармасының негізгі құрамы - осы саладағы еңбек сіңірген және тәжірибелі мамандар. Солардың бірі - техника ғылымдарының докторы Роза Каюмовна Яфязова, география ғылымдарының докторы, профессор Борис Сергеевич Степанов және гидрологиялық қызмет ардагері, ғылым кандидаты Всеволод Викторович Голубцов та осы сыйлыққа ие болды»,- делінген хабарламада.

Экологтар осындай мамандардан тұратын басқарма құру, селдерді болжау жөніндегі жұмысты жоғары кәсіби деңгейге көтереді деген сенімде. Ал бұл өз кезегінде халықты сел туралы ескертуге барынша дәл мүмкіндік береді.