Жолда босанған Жансая

Жолда босанған Жансая
Сурет: Жолаушылар тасымалы АҚ

«Алматы — Өскемен» пойызында Алматы тұрғыны қыз босанды.

Жас ана Жансая Көкенова жүктіліктің соңғы айында Алматыдан Өскеменге № 352 пойызбен жолға шыққан.

Пойыз жөнелтілгеннен кейін Екаша–Айыртау стансалары арасында жолаушының толғағы басталады.

Вагон жолсерігі Бағдагүл Әбдәқұлова және пойыз бригадасының басқа да қызметкерлері қажетті көмек көрсетіп, аман-есен босандырып алды.

Қыз бала 7 ақпан сағат 13:30–да дүниеге келді.

Пойыз бригадасы лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес жақын маңдағы стансаға жедел жәрдем шақырды.

Вагонда босанған әйелге көмек көрсету үшін бүкіл қажетті жағдай жасалды.

босанды
Фото: Жолаушылар тасымалы АҚ

Өскемен стансасына келгеннен кейін қызды анасымен бірге жедел жәрдем қызметкерлері алып кетті.

Жолсерік Бағдагүл Әбдәқұлова теміржолда 23 жылдан астам жұмыс істеп келеді.

Бұл оқиға оның тәжірибесінде бірінші рет болып отыр. Пойыз жолсерігінің айтуынша, мұндай оқиғада жәрдемдесу үлкен жауапкершілікті талап етеді.

Айта кетейік, пойыз бригадасының қызметкерлері стандартты емес жағдайда алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша тұрақты негізде оқытудан өтеді.

Соңғы 3 жылда «Жолаушылар тасымалы» АҚ пойыздарында 12 бала дүниеге келді.