Жолаушыларға қолайлы жағдай жасалуда

Жолаушыларға қолайлы жағдай жасалуда
Сурет: ашық дереккөз

20 желтоқсанынан бастап №69 маршрут екі бағытқа бөлінетін болады, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 

Қызмет көрсету сапасын арттыру және Алатау ауданының Өжет, Ұлжан шағын аудандарында тұратын қала тұрғындары мен жолаушылардың жол жүру уақытын азайту мақсатында Алматы қалалық мобилділік басқармасының шешімімен №69 маршрут екі бағытқа бөлінді:

№69 «Жетісу базары - Өжет ш/а» және №75 «ТПК Өжет – Рахат кондитерлік фабрикасы». 

№69 маршрутта 10 минут жиілікпен 14 автобус, ал №75 маршрутта 13 минут жиілікпен 10 автобус қатынайтын болады.

Аталған бағыттарға «Думан Транс Сом 20» ЖШС тасымалдаушысы қызмет көрсетеді.