Жаңа дәуірге аяқ басқалы тұрмыз - Нұрия Ниязова

Жаңа дәуірге аяқ басқалы тұрмыз - Нұрия Ниязова
Сурет: Vecher.kz

Елдің дамуы үшін күні кеше өткен Президент сайлауының маңызы ерекше.

Президент сайлауындағы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жеңісі қазақ халқының сенімі мен қолдауын көрсетеді. Мұндай пікірді АМАНАТ партиясы Алматы қалалық филиалы саяси кеңесінің мүшесі Нұрия Ниязова айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Оның пікірінше, Қазақстанның мемлекеттік қайраткерлері мықты көшбасшымен бірге болуға және алдағы жеті жылда оның саясатын қолдауға дайын екендіктерін айтып, үлкен сенім білдіруде. Сондай-ақ, ол еліміздің жаңа дәуірге аяқ басқалы тұрғанын айтты.

 «Біз Қазақстанымыздың дамуындағы тарихи кезеңнің алдында жаңа дәуірге аяқ басқалы тұрмыз. Қасым-Жомарт Кемелұлы 16 қарашада Алматыға келген сапарында әйелдердің саясаттағы және қоғамдағы рөлін ерекше атап өткенін айтпай кетуге болмас. Президент қаңтар оқиғасын еске салды, өйткені бұл біздің тарихымыз, тарихсыз болашақ жоқ. Ал біз Қасым-Жомарт Тоқаевпен бірге ол таңдаған дұрыс жолмен жүретін боламыз», – деді Нұрия Ниязова.