Жол ережесін бұзған алматылық жазаланды

Жол ережесін бұзған алматылық жазаланды
Сурет: Polisia.kz

Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында Mercedes-Benz автокөлігінің жүргізушісінің жол ережесін бұзу деректері анықталды.

Жергілікті полиция қызметінің жедел-іздестіру бөлімінің қызметкерлері Гагарин көшесінің бойымен оңтүстік бағытта қарама-қарсы қозғалыста келе жатқан 2004 жылы туған Н.есімді азаматты ұстады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Полицейлер қаладағы бейнебақылау жүйелері арқылы құқық бұзушылықты анықтады.

Оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 596-бабы 3-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Іс материалдары шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді. Құқық бұзушының көлігі арнайы айыппұл тұрағына қойылды.