Жол битумы қазақстандық талап бойынша шығарылатын болады

Жол битумы қазақстандық талап бойынша шығарылатын болады
Сурет: Drive2.ru

Мамандар битумның сапасына жаңа талаптарды енгізіп жатыр.

Қазақстандағы автомобиль жолдарының құрылысы мен жөндеу жұмыстарына пайданылатын битум, отандық стандарт бойынша шығарылатын болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Еліміздегі автомобиль жолдары саласындағы саясатты жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган ретінде ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі жолдардың сапасы мен ондағы жөндеу жұмыстарына бақылау жүргізуді арттыру мақсатында бірқатар кешенді шараларды қолға алуда», - делінген Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметінің хабарламасында. 

Жол құрылысы мен жөндеу жұмыстарында маңызды элементтің бірі – жол битумы. Оның сапасы мен қоспа материалдарының құрамы үлкен рөл атқарады. 

Бұрын битум отандық мұнай өңдеу зауыттарында Кеңес Одағы кезіндегі мемлекеттік стандартқа сәйкес өндірілетін. Ал бүгінде битум қазақстандық талап бойынша шығарылады. Бұл стандарт – әлемдік үздік тәжірибелерді негізге ала отырып дайындалған. Ол жол құрылысы мен жөндеу жұмыстарында пайдаланылатын битумның сапасына жаңа талаптарды енгізіп, оның құрамын жетілдіреді. Өз кезегінде тың тәсілмен өндірілетін битум жол жабындысының беріктік қасиетін ұзақ уақытқа сақтайды. 

Осыған орай отандық зауыттар құрал-жабдықтарын жаңартып, битум өндірісін заманауи стандарттарға жауап беретіндей жаңғыртуы тиіс.