Еліміздегі интернет сапасы сын көтермейді

Еліміздегі интернет сапасы сын көтермейді
Сурет: Inbusiness.kz

Қазақстандағы интернет сапасы қолданушылардың көңілінен шықпайды.

Соңғы уақытта оған қатысты шағым саны 10 есеге артты. Былтырдың өзінде Цифрлық даму министрлігі осындай арыздардың негізінде 600-ге жуық тексеріс жүргізген, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап. 

Кеше Мемлекет басшысы "Әкімшілік құқықбұзушылықтар кодексіне өзгеріс енгізу туралы" заңға қол қойды. Құжатта интернет сапасына қатысты талапты бұзған компанияларға бір мың айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салу қарастырылған. Бұрын бұл сома 10 есе аз болатын. Ал жағдай қайталанса, айыппұл құны тағы артады.