Жоғарғы Соттың үш судьясы қызметінен босатылды

Жоғарғы Соттың үш судьясы қызметінен босатылды
Сурет: BAQ.KZ

Сенат депутаттары қаулыны бірауыздан қабылдады.

Сенат депутаттары Жоғарғы Соттың үш судьясын қызметінен босатуға шешім қабылдады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Үш судья да басқа қызметке тағайындалып отыр. Атап айтқанда, Вячеслав Салия Қостанай облыстық сотының төрағасы болып кетті. Ал Асан Ескендіров пен Айгүл Қыдырбаева Конституциялық соттың судьялары болып тағайындалды. Осыған байланысты үшеуі де Жоғарғы Сот судьясы қызметінен босатылды.