Жыл соңында ауа райы қандай болады?

Жыл соңында ауа райы қандай болады?
Сурет: Astanatv.kz

Қазгидромет ел аумағы бойынша 28-30 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Жаңа жыл қарсаңында еліміздің барлық аймағында тұрақсыз ауа райы болжануда, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Мамандардың хабарлауынша, ел аймақтарында атлантикалық циклон әсерінен жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі. Сондай-ақ боран, көктайғақ және 15-28 м/с екпінді жел болжануда. 29-30 желтоқсанда солтүстік және оңтүстік өңірлерде 30 м/с қатты жел күтіледі. 30 желтоқсанда еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталығында түнде ауа температурасы 7-15 градус аязға дейін, республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында 3-13 градус аязға дейін жетеді.