Жигули Дайрабаев: Ауыл шаруашылығының жағдайы қиын екені рас

Жигули Дайрабаев: Ауыл шаруашылығының жағдайы қиын екені рас
Сурет: Baq.kz

Мамандардың айтуынша, салада бар мәселе жиі айтылады.

Агроөндірістік кешен комитетінің төрағасы Жигули Дайрабаев Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласында бар мәселелер туралы айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Baq.kz сілтеме жасап. 

«Ауыл шаруашылығы кешені түбегейлі артқа қалса келіспейміз енді. Бұл салада жасалған жақсы бастамалар да бар. Қарапайым фермерлердің мақсаты халыққа өнімдердің қолжетімділігін қамтамасыз ету. Мал шаруашылығымен айналысса, осы саладағы өсімді қадағалауы керек. Фермерлер осы мақсатты жүзеге асыруы керек. Ал қалған жағдайды Үкімет жасауы керек»,- деді Дайрабаев.

Ол кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында да бұл мәселені айтқанын жеткізді.

«Біз бұл мәселені үнемі айтамыз. Азық-түлік қымбаттап кетті. Қант та қымбаттады. Ауыл шаруашылығының жағдайы қиын екені рас. Оған түбегейлі бетбұрыс жасамайтын болсақ, бұдан да қымбаттайды. Бір қанттың өзін алсақ. Республикада Жамбыл мен Алматы облысындағы қант зауыттары толық қуатымен жұмыс істемей тұр. Ол қуаттылығын арттырса, қанша жұмыс орны ашылатын еді»,- деді Жигули Дайрабаев.

Айта кетейік, 14 шілдеде Мемлекет басшысының төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев 3 министрге сөгіс жариялады.